«ҚР педагог кадрлардың біліктілігін арттыру деңгейлік бағдарламасының негізінде оқу тәрбиелік үрдісті ұйымдастыру мен жоспарлаудың жаңа тәсілдерін Қарағанды облысының мектептеріне енгізудің проблемалары мен перспективалары» атты 2-ші есептік конференция
13-05-2015 05:09

       2015 жылдың 12мамыр күні Қарағанды қаласының ПШО филиалы, Білім Басқармасы және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірге ұйымдастырылған Нұрмақов атындағы облыстық мектептің негізінде бірінші (ілгері) деңгейлі мұғалімдердің «ҚР  педагог кадрлардың біліктілігін арттыру деңгейлік бағдарламасының негізінде оқу тәрбиелік үрдісті ұйымдастыру мен жоспарлаудың жаңа тәсілдерін Қарағанды облысының мектептеріне енгізудің  проблемалары мен перспективалары» атты 2-ші есептік конференциясы өтті.

Конференцияға 2014 жылы біліктілікті жоғарылатудың деңгейлі бағдарламаларын аяқтаған мұғалімдер шақырылды. Әрбір секциялық отырыстарда курстан кейінгі тәжірибелер қорытындыланып, ең үздік портфолио дайындаған мұғалімдердің баяндамалары тыңдалды. Талқылау барысында перспективалық міндеттер талқыланды, сондай-ақ білім беру мекемелерінің даму бағыттары айқындалып, басымдылықтары анықталды.

Іс-шараны қорытындылай келе, қатысушылар тарапынан конференция бойынша ұсыныстар айтылып, «Ең үздік портфолио» сертификаттарымен марапатталды.