Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кеңес
27-09-2019 08:59
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кеңес

   2019 жылдың 27 қыркүйегінде онлайн режимінде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» кеңесі өтті.

Кеңесте қадағалаусыздық пен панасыздықтың, балалардың өз еркімен отбасынан кетуінің, құқық бұзушылықтың алдын алу, «Назар аударыңыз, балалар!» республикалық жедел алдын алу іс-шарасының нәтижелері, балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік жарақатының алдын алуға байланысты мәселелер талқыланды.

Кеңеске қатысушылар:мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер, сынып жетекшілері (селекторлық байланыс режимінде).

Кеңеске арнайы қатысты:

- Қарағанды облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары полиция полковнигі Исмагулов Курмангали Жардемович;

- Қарағанды облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары полиция подполковнигі Абишев Евгений Серикович;

- Қарағанды облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Туркешев Кайрат Какишевич;

- Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Жунусов Амангельды Саматович.