2019 жылы 10 қазанда Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығының базасында кітапханашылар ӘБ отырысы өтті.
Отырысқа облыс колледждерінің 33 кітапханашылары қатысты.
ТжКБ дамыту бөлімінің әдіскерлері А. А. Кнашина мен М. С. Толекова құттықтау сөз сөйледі.
Сонымен қатар ӘБ жетекшісі А. Ж. Сүлейменова сөз сөйледі.
Келесі сұрақ бойынша "Теміртау медициналық колледжі" ЖМ кітапханашысы М. А. Сошникова сөз сөйледі, ол 2018-2019 оқу жылына арналған кітапханашылар ӘБ отырысының толық есебін ұсынды.
Бұдан әрі ӘБ жетекшісі А. Ж. Сүлейменова қатысып отырған кітапханашыларды талқылауға облыстық әдістемелік бірлестіктің ағымдағы оқу жылына арналған жұмыс жоспарын ұсынды.
Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланып, ОӘБ басшысы А. Ж. Сүлейменова отырыстың қорытындысын жасады.