Размер шрифта:
ШЖМ жұмысы бойынша республикалық семинар
21-10-2019 08:24
ШЖМ жұмысы бойынша республикалық семинар

    2019 жылдың 21-22 қазанында Қарағанды облысы білім басқармасы және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы«Жаңартылған білім беру мазмұны контексіндегі ресурстық орталықта оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері» тақырыбында республикалық семинар өткізілді.

    21 қазанда Достық үйінде дөңгелек үстел өтті, онда семинарға қатысушылар білім мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақты мектептердің дамуының негізгі бағыттары талқыланды. Шара барысында тірек мектептердің (Ресурстық орталықтардың) жұмысын ұйымдастырудағы Қарағанды облысының тәжірибесі көрсетілді.

   22 қазанда семинарға қатысушылар Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы «Керней тірек мектебі (РО)» КММ-нің панорамалық сабақтарға және сыныптан тыс жұмыстарға қатысты.

   Семинарға қатысушылар: облыстың оқу-әдістемелік орталықтарының (кабинеттерінің) директорлары, облыстың шағын жинақты мектептері мен тірек мектептеріне сүйемелдеу көрсететін білім басқармасының мамандары, тірек мектептердің директорлары (Ресурстық орталық).

   Қарағанды облысына Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе облысының мұғалімдері келді.