2019 жылдың 24 қазанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика, бизнес және заң колледжінде «Сервис» бағыты бойынша ОӘБ отырысы өтті.
Отырысқа облыс колледждерінен 20 оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Отырыс барысында колледж қызметкерлері отырысқа қатысушыларға «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша шеберханалар мен зертханаларды, осы зертханалардағы студенттердің тәжірибелік жұмыстарды орындауларын көрсетті.
Отырыстың негізгі бөлімінде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика, бизнес және заң колледжіарнайы пән оқытушылары Яковенко В. П., Аверина Л. П., және сонымен қатар Қарағанды коммерциялық колледжі оқытушыларыДжаужанова М. М.мен Байгуттинова К. С.«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша дуалды оқытуды енгізу жөніндегі тәжірибелерімен бөлісті.
Әрі қарай колледж студенттері тәжірибеден өтіп жатқан «Счастье есть» кафесінде іс-шара өткізілді. Аталған шарада тәжірибе жетекшісі, кафенің бренд бас аспасшысыЧукин А. В. «Кәсіпорында студенттердің жұмысын көрсету» тақырыбында мастер-класс көрсетті.
Отырыс соңында отырыстың қорытындылары жасалып, ұсынымдар берілді.