Размер шрифта:
Информатика оқытушыларының әдістемелік бірлестігінің отырысы
23-10-2019 08:31
Информатика оқытушыларының әдістемелік бірлестігінің отырысы

   2019 жылы 23 қазанда Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің базасында информатика оқытушыларының әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Облыстың 21 колледжінен 30 адам қатысты. Отырыс барысында Bulding Skills құзыреттілік орталығы бойынша экскурсия өткізілді,онда заманауи сандық аспаптардың тұсаукесері өтті.  Әдістемелік бірлестігінің жетекшісі жұмыс жоспарымен таныстырды. Сонымен қатар информатика пәнінен облыстық олимпиаданы өткізу бағдарламасы талқыланды.