Физиктер мен математиктердің ӘБ отырысы
25-10-2019 08:35
Физиктер мен математиктердің ӘБ отырысы

   2019 жылы 25 қазанда Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық - техникалық колледжі базасында физиктер мен математиктердің ӘБ отырысы өтті. 25 колледжден 32 адам қатысты. Әдістемелік бірлестік жетекшісі бір жылға арналған жоспармен таныстырып, физика пәнінен өтетін олимпиаданың тақырыбы мен кезеңдері талқыланды.Қатысушылар білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша сұрақтарды талқыға салды. Сондай-ақ отырыста мақалаларды, сабақ конспектілерін, педагогтардың еңбектерін өңдеп, басылымға немесе сайтқа жіберетін түрлі колледж өкілінен тұратын жұмыс тобы құрылды.