2019 жылдың қазан айының 21-імен қараша айының 2-сі аралығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Болашақ инженерлер» облыстық жобасындағы мектеп мұғалімдеріне келесі бағыттар бойынша оқыту курстарын өткізеді:
- «AutoCAD бағдарламасындағы Авиа-модельдеу және инженерлік графика»;
- «Инженерлік 3D модельдеу».
«AutoCAD бағдарламасындағы Авиа-моделдеу және инженерлік графика» оқыту курсы аясында 1-ші топ мұғалімдер “AutoCAD” бағдарламалық жасақтамасын зерттеді, оның негізінде автоматтандырылған жобалау мен сызудың 2 және 3-ші өлшеу жүйесі жатыр. Курс дарынды балаларға арналған Н. Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты базасында өтіп жатыр.
Курстың мақсаты – авиа-модельдеудің бастапқы курсын оқып үйрену, 3Д графиканы қолданып модельдер жасау. Ұшу симуляциясы және Autodesk Flow design бағдарламасын пайдалану арқылы ұшуға әсер ететін күштерді зерттеу. Сымсыз технологияларды қолдану арқылы басқару.
Қарағанды облысының 15 педагогы курс бойынша оқуды аяқтады, келесі аптада тағы 18 педагогты оқыту жоспарлануда.
Педагогтер курстың заманауилығын, жаттықтырушының жоғары біліктілігін, сондай-ақ зерттелетін бағыттың инновациялығын атап өтті. Аталған курс информатика, технология және сызу мұғалімдері үшін өз пәндерін оқыту мүмкіндіктерін кеңейтетін жаңа білім болып табылады.
Курсты «STEM Academia»ЖШС жаттықтырушысы, Мәскеу авиациялық институтының магистрі Алтынбеков Нариман жүргізді.