Размер шрифта:
«Құқық» бағыты бойынша ОӘБ отырысы
25-10-2019 09:07
«Құқық» бағыты бойынша ОӘБ отырысы

   2019 жылдың 25 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Құқық» бағыты бойынша ОӘБ отырысы болып өтті.

   Отырысқа облыс колледждерінен 9 құқықтық пәндер оқытушысы қатысты.

   Алғы сөздерден кейін ОӘБ жетекшісі Конакбаева А.Д. отырыс қатысушыларын 2019-2020 оқу жылына арналған ОӘБ жұмыс жоспарымен таныстырды.

   Әрі қарай ҚО ББД ОӘО әдіскері Кнашина А.А. білім беру саласындағы және нормативтік құжаттардағы өзгерістермен таныстырды.

   ОӘБ жетекшісі Конакбаева А.Д. модульді тәсіл бойынша «Құқық негіздері» пәнінен жұмыс оқу құжаттарын құрастыру жөніндегі өз тәжірибесімен бөлісіп, модульды бағдарламалар құрастырудағы талаптарға тоқталып өтті.

   Отырыс соңында отырыстың қорытындылары жасалды.