Қарағанды облысы колледждері үшін Skills-ID әдісі бойынша оқыту тренингі
28-10-2019 08:16
Қарағанды облысы колледждері үшін Skills-ID әдісі бойынша оқыту тренингі

   2019 жылдың 26-28 қазан аралығында "Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі" КМҚК базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары мен қызметкерлерін «Skills-ID перспективалық және сұранысқа ие сабақтарды анықтау бойынша» авторлық әдістеме бойынша оқыту тренингі өтті.

Тренинг модераторлары:

  • Волков Вячеслав Евгеньевич,т.ғ.к., РФ Президент жанындағы ГУ ВШЭ

   РАНХиГС доцент, білім беру және аумақтық стратегия саласындағы сарапшы, методолог;

- Павел Черных, БҰҰ-ның РФ-нан білім беру сұрақтары бойынша сарапшысы, Skills Center құзыреттері мен қабілеттері Орталығының сарапшылар кеңесінің төрағасы;

  • Масленкова Наталья Александровна,филология ғылымдарының

кандидаты, мәдениет тарихы мен теория кафедрасының доценті;

  • ШамрайВиктор Николаевич,Тольятти қ. сауда-өнеркәсіп палатасы;

- Нысанов Адэль Туребекович, «Synergy» ғылыми-зерттеу қорының

басшысы.

   Колледждерден 60 директорлар мен инженерлік-педагогикалық қызметкерлер, Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, «Атамекен» Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы, «Center AT» ЖШС оқу орталығының өкілдері, сонымен қатар облыс колледждерінің әлеуметтік серіктестері қатысты.

   Тренингті Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Есенғазы Нұртолеуұлы Иманғалиев ашты.

   Тренинг нәтижесінде келесі жұмыстар атқарылды: аймақтағы ТжКБ ағымдағы жағдайды талдау; Skills-ID әдісі бойынша ТжКББ ұйымдарының ИПЖ санынан құралған аймақтық «көшбасшылар» пулын оқыту; «Қарағанды облысындағы перспективалық және сұранысқа ие мамандықтар навигаторы» жобасы; ұлттық біліктілік жүйесі контексінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің тиімді моделін құру; өзгерістерді басқару негіздері (change management).

   Тренинг модераторы Волков Вячеслав Евгеньевич үш күнге тыңдаушыларды үш топқа бөлуді ұсынды:

  1. Білім;
  2. Қоғам;
  3. Кәсіпкерлер.

   Работа в группах заключала в себе обсуждение тем, вопросов и решение основных задач, поставленных перед группами.

   Тақырыптар мен сұрақтарды қарастыру және негізгі мәселелерді шешу топта жұмыс жасаудың негізгі мәселесі болды.