Размер шрифта:
Жас мамандар форумы
29-10-2019 17:47
Жас мамандар форумы

   2019 жылдың 28-29 қазан күндері Қарағанды облысының жас мамандарының форумы өткізілді.

   Форумның бірінші күні және екінші күннің бірінші жартысында «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ базасында 4 секция (мемлекеттік тілде оқытатын 2 секция және орыс тілінде оқытатын 2 секция) жұмысы жоспарланды, онда эмоциялық шаршаудың алдын алу бойынша психологиялық тренингтер, оқу семинарлары, оқу-тәрбие үдерісінің негізгі мәселелері бойынша шеберлік-сыныптар өткізілді.

   Пленарлық отырыс Достық үйінің базасында дөңгелек үстел түрінде өтті.

   Дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды облысының білім беруді дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрайымы М. К. Жошина; педагогикалық еңбек ардагерлері; «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директоры Д. С. Асакаева; Қарағанды қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының директоры О. Г. Сурначева; Саран қаласының білім бөлімінің басшысы Н. А. Жашибеков; э.ғ.к., экономика доценті Цой В.И.; ОФ «Казбренд» өкілдері Нұр-Сұлтан қ.; IT-кәсіпкер Р. Белгибаев; Қарағанды облысы әкімінің «Білім беруді дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін» номинациясы сыйлығының жеңімпазы К. Толеуханова; «Үздік педагог-2019» республикалық байқауының жеңімпазы – Қарағанды қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі Н. К. Гульманов; Бұқар жырау ауданы «Үміткер ЖОББМ» КММ тарих пәнінің мұғалімі, жас маман А. Д. Шошаев қатысты.

Форумға қатысушылардың жалпы саны – 120 адам. 80 жас мамандар қамтылды.