Размер шрифта:
Семинар «Бастауыш сынып оқушыларының кітапқа құмарлығын арттыру»
14-05-2015 02:58
Семинар «Бастауыш сынып оқушыларының кітапқа құмарлығын арттыру»

Семинар

«Бастауыш сынып оқушыларының кітапқа құмарлығын арттыру»

    

      Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жобасы аясында және 2014-2015 оқу жылына арналған ескере отырып,Қарағанды облысы,Жаңаарқа ауданы,О.Жұмабеков және Ю.Гагарин атындағы орта мектептерде 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап «Оқу шаттығы» облыстық жобасы іске асырылуда.

         Осыған орай2015 жылдың 13 мамыр күні «Оқу шаттығы» облыстық жобасы аясында «О.Жұмабеков атындағы орта мектеп  базасында «Бастауыш сынып оқушыларының кітапқа құмарлығын арттыру»аймақтық семинар өткізілді. Семинар бастауыш сынып оқушыларының  оқу сауаттылығы мен  кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту және мәдениеті мен ақпараттық құзыреттіліктерін жоғарылату барысында аймақтағы серіктес мектептермен тәжірибе алмасу мақсатында өтті.

         Семинар барысында қатысушыларға жоғарыда аталған бес серіктес мектеп жобаны жүзеге асыруда сабақта және сабақтан тыс қызметтер арқылы, ата-аналармен жұмыс арқылы, әлеуметтік серіктестікті дамыту арқылы енгізу бойынша тәжірибелері ұсынылды.

         Рефлексия жүргізу барысында семинар қатысушылары семинардың жоғары дайындығын және серіктес мектептерінің көрсеткен барлық шараларына қатысушылардың белсене ат салысқандарын атап өтті.