Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне арналған облыстық семинар
25-10-2019 12:44
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне арналған  облыстық семинар

  2019 жылдың 25 қазанында  Жезқазған қ. №7 гимназия базасында облыстық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған  Жаңартылған білім беру мазмұны «Ізденіс және тәжірибе» атты облыстық семинар өткізілді.

         Семинарға Сәтбаев, Жезқазған, Шахтинск, Саран, Теміртау қалалары мен Ұлытау, Жаңаарқа, Осакаровка, Шет аудандарының  гуманитарлық бағытты бақылайтын  әдіскерлері және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қатысты. Қатысқан мұғалімдер саны- 80.

Семинарға қатысушылар үшін ашық сабақтар, шеберлік сыныптары, тренингтер көрсетілді.