Размер шрифта:
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Болашақ инженерлер» облыстық жобасы аясында мектеп мұғалімдеріне арналған бастапқы оқыту курсын өткізді
02-11-2019 16:46

Жобалау мен құрастырудың заманауи ақпараттық технологияларын теориялық және тәжірибелік меңгеруді қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдың қазан айының 28-і мен қараша айының 02-і аралығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Synergy» ғылыми-білім беру қорымен бірлесіп «Болашақ инженерлер» облыстық жобасындағы мектеп мұғалімдеріне арналған «Инженерлік 3D модельдеу» тақырыбында бастапқы оқыту курсын өткізді. Курс Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі базасында өтті.
Курс аясында мұғалімдер “PTC Creo Parametric” бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысты. Бұл бағдарлама 3D модельдерді жасап, инженерлік есептеулер жүйесін зерттеуге мүмкіндік береді. Жобаланатын бұйымдардың спектрі күрделі машина жасау механизмдерінен бастап сәулет нысандарына дейін шектеусіз.
Аталған курс бойынша Қарағанды облысының 21 мұғалімі оқудан өтті. Оқытуды Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінің жоғары санатты оқытушылары Свердлова Елена Александровна, Цай Дмитрий Владимирович өткізді.
Педагогтер курстың заманауилығын, жаттықтырушылардың жоғары біліктілігін, сондай-ақ зерттелетін бағыттың инновациялығын атап өтті.
Курс соңында барлық мұғалімдер курстан өткендігі туралы сертификаттар алды.