2019 жылдың қазан айының 21-і мен қараша айының 02-і аралығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы IT құзыреттілігін меңгерген технология және сызу, информатика пән мұғалімдеріне арналған «AutoCAD бағдарламасындағы Авиа-мо
2019 жылдың қазан айының 21-і мен қараша айының 02-і аралығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы IT құзыреттілігін меңгерген технология және сызу, информатика пән мұғалімдеріне арналған «AutoCAD бағдарламасындағы Авиа-модельдеу және инженерлік графика» тақырыбында оқыту курсын өткізді.
Курста мұғалімдер авиа-модельдеудің бастапқы курсын және AutoCAD бағдарламасы арқылы 3D графика модельдер жасауды және Autodesk Flow design бағдарламасын пайдалану арқылы ұшуға әсер ететін күштерді, симуляцияларды, сонымен қатар сымсыз технологияларды қолдану арқылы басқаруды қарастырды.
Курс Н.Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты базасында өтті. Курсты Қарағанды облысының 31 мұғалімі оқып, бітірді. Курсты «STEM Academia» ЖШС жаттықтырушысы, Мәскеу авиациялық институтының магистрі Алтынбеков Нариман өткізді. Курс барысында мұғалімдер лазерлік машинада жұмыс істеу негіздерін меңгерді.
Курс соңында барлық мұғалімдер курстан өткендігі туралы сертификаттар алды.