Размер шрифта:
Республикалық педагогикалық олимпиада
01-11-2019 12:14
Республикалық педагогикалық олимпиада

         2019 жылдың 30 қазан - 1 қараша аралығында Тараз қаласындағы Жамбыл жоғары политехникалық колледжінің базасында "Дарынды балаларға-талантты ұстаз" атты республикалық педагогикалық олимпиада өтті. Қарағанды облысынан 10 мұғалім қатысты. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары: 7 мұғалім, 2 аға тәлімгер және бір педагог-психолог.

         Екі тур қорытындысы бойынша Қарағанды облысының қоржынында 5 жүлделі орын және Құрмет грамотасы бар.

         1 орын – Ахметов Н. Т., №1 «Білім-инновация» лицей интернатының информатика мұғалімі;

         2 орын – Бекашпекова А. Р., Балқаш қаласының №4 ЖББОМ қазақ тілі мұғалімі;

         3 орын – Ахметов Б. Е., Шет ауданы,Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі;

         Манапова Р. М., Балқаш қ., №58 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі;

         Нуржанова П., Бұқар жырау ауданы Үштөбе ЖББОМ аға тәлімгері;

         Құрмет грамотасы-Рымбекова М. Т., Н. Нұрмақов атындағы ММИ педагог-психологы.

          Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық жеңістер  мен табыстар тілейміз.