2019 жылдың 7 қарашасында Қарағанды көлік-технологиялық колледжінде облыс колледждерінің студенттері мен оқытушылары арасында ұйымдастырылған «Индустрия 4.0: кадрларды даярлаудағы steam-білім беру» VIII облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясындағы «Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі» облыстық ғылыми- практикалық конференциясы өткізілді.
Конференцияға облыс колледждерінен 53 студент, 26 оқытушы қатысты.
Колледж директорының орынбасары Кенжебекова Сандуғаш Манарбековнаның, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Кнашина Айнур Ахатовнаның және қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Баймолдина Анар Сабыровнаның кіріспе сөздерініен кейін конференцияның пленарлық отырысы бойынша жұмыс басталып, пленарлық отырыста шақырылған мамандар - академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, филология ғылымдарының кандидаттары, доценттер Кадина Жамбы Зекенқызы мен Қалиев Бектұрсын Аманкулович, «TILKZ» жекеменшік мекемесінің директоры Жарылғапова Береке Омирзаковна баяндамаларын оқып, өзекті тақырыптарды талқылап, өз ойларын ортаға салды.
Пленарлық отырыстан кейін келесі бағыттар бойынша секциялық жұмыстар жүргізілді:
1-бағыт: Мемлекеттік тіл және елдік мұрат;
2-бағыт: Қазақ тілін оқытудың ерекшеліктері;
3-бағыт: Латын әліпбиіне көшу- қазақ тілінің болашағы.
Конференция соңында қорытынды жасалып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, пленарлық отырыс қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.