Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты базасында 9-сыныптардағы қорытынды аттестаттау және критериалды бағалаудың ерекшеліктерін түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізді.
2019 жылдың 8 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты базасында 9-сыныптардағы қорытынды аттестаттау және критериалды бағалаудың ерекшеліктерін түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізді. Кеңеске Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА орта білім беру орталығының директоры М. Е. Адамова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ педагогика-психология кафедрасының меңгерушісі С.Б. Мукушева, Қарағанды қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының менеджері Е.А. Моторина арнайы қатысты. Облыс мектептерінен 98 педагог қамтылды.