Размер шрифта:
Орыс тілі және әдебиеті пәні оқытушыларының ОӘБ отырысы
08-11-2019 14:05
Орыс тілі және әдебиеті пәні оқытушыларының ОӘБ отырысы

2019 жылдың 8 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында орыс тілі және әдебиеті пәні оқытушыларының ОӘБ отырысы өтті.

Отырысқа облыс колледждерінен 27 оқытушы қатысты.

Кіріспе сөзден кейін ОӘБ жетекшісі Легкоконец Елена Васильевна отырысқа қатысушыларды 2019-2020 оқу жылына арналған ОӘБ жұмыс жоспарымен таныстырды.

ҚО ББД ОӘО ТжКББ бөлімінің әдіскері Альханова Асель Темирхановна білім беру саласындағы және нормативтік құжаттардағы өзгерістермен, сонымен қатар модульды жұмыс бағдарламаларын құрудағы талаптармен таныстырып өтті.

Одан әрі Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжінің оқытушысы Адамова Орынбасар Шакеновна модульды әдіс негізінде «Кәсіби орыс тілі» пәнінен жұмыстық оқу құжаттарын құру бойынша өзінің тәжірибесімен бөлісті.

Отырыс соңында қорытынды жасалды.