2019 жылдың 19 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы базасында «Білімал. Педагогтерді электронды аттестаттау» пилоттық жобасына енген білім бөлімдері үшін оқыту семинарлары өтті. Оқу семинарлары сараптамалық кеңестің мүшелерімен аттестаттау комиссиясының мүшелері үшін 2 кезеңде өткізілді.Барлық тыңдаушылар саны 25.
«Білімал. Педагогтерді электронды аттестаттау» жүйесі оқу орындарының педагогикалық қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу процесін автоматтандыруға, жаңа біліктілік санатын беруге немесе растауға арналған.
Бұл жүйені енгізу бірқатар мәселелерді шешеді:
- қағаз құжат айналымындағы шығыстарды қысқарту;
- құжаттарды жинау және келісу уақытын қысқарту;
- аттестаттаудан өту процесінің ашықтығы.