Облыстық «Жыл мұғалімі» байқауының ІІ іріктеу кезеңі
2019 жылдың 19-25 қараша аралығында арнайы мектеп-интернаттарының педагогтері арасында облыстық «Жыл мұғалімі» байқауының ІІ іріктеу кезеңі өтіп жатыр.
Іріктеу кезеңге арнайы мектеп-интернаттарының 10 педагогі қатысуда. Байқау қатысушылары бір ашық сабақ және «Кітап - білім бұлағы» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізеді.
2019 жылғы 19 қарашада «№ 1 Көзі кеміс балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» КММ музыка пәнінің мұғалімі Гинаятова Жанара Кыдыргелдиновна және «Қарағанды облыстық тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Калиева Гульнур Рымбаевна өз жұмыс тәжірибелерімен таныстырды.