Размер шрифта:
Семинар «Кітап оқу- даналыққа ұмтылу»
19-05-2015 03:33
Семинар «Кітап оқу- даналыққа ұмтылу»

Семинар

«Кітап оқу- даналыққа ұмтылу»

          Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жобасы аясында Ұлытау ауданының білім мекемелерінде 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап «Оқу шаттығы» әлеуметтік-педагогикалық жоба бойынша жұмыс жоспарланды. Олар №17 Байқоңыр орта мектебі мен Жамбыл Жабаев атындағы № 15 Қарсақбай орта мектебі.

        Осыған орай 2015 жылдың 11 мамырынды №15 Қарсақбай орта мектебінің базасында «Оқу шаттығы» педагогикалық жоба аясында «Кітап оқу- даналыққа ұмтылу» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарда

        № 17 Байқоңыр орта мектебі мен № 15 Қарсақбай орта мектебінің ұстаздары өз жұмыстарын көрсетті.

        Семинар «Ауыл мектептеріндегі бастауыш сынып оқушыларының оқу белсенділіктері мен әдеби талғамдарын жетілдіру жолындағы инновациялық тәжірибелермен бөлісу» мақсатында  өтті.   

        Семинар барысында аталған мектептер семинарға қатысушыларға сабақта, сабақтан тыс уақытта, ата-аналардың қатысуымен, және кітапхана арқылы  балалардың кітап оқуға құштарлығын  дамытудың жолдарын көрсетті, өз  тәжірибелерін ұсынды.

         Рефлексия бөлімінде семинарға қатысушылар екі мектептің дайындықтарының жоғары деңгейде екенін және жұмыстардың жүйелілігі мен мазмұндылығын атап өтті.