"Жыл мұғалімі" байқауының іріктеу кезеңінің бесінші күні өтуде
27-11-2019 12:18

2019 жылдың 27 қарашасында  аудан және қала мектептерінің арасында "Жыл мұғалімі" байқауының іріктеу кезеңінің бесінші күні өтуде. "Дарын" ММИ базасында Призерск, Сәтбаев, Қаражал  қалаларының байқауға қатысушы мұғалімдері ашық сабақтар және тәрбие сағаттарын өткізуде. Бес күн бойы өткен іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық байқаудың қорытынды кезеңіне 6 мұғалім жолдама алады.