Мамандандырылған мектеп-интернаттардың педагогтары арасында "Жыл мұғалімі" облыстық конкурсының 2 кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау.
27-11-2019 13:21
Мамандандырылған мектеп-интернаттардың педагогтары арасында

2019 жылдың 27 қарашасында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында мамандандырылған мектеп-интернаттардың педагогтары арасында «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының 2 кезеңінің қорытындысы шығарылды. Оқу-әдістемелік орталық директорының орынбасары Копбаева Гульмира Сабитовна байқау қорытындыларын айтып, қатысушыларды құттықтады.

Байқауға облыстың мамандандырылған мектеп-интернаттарының 9 мұғалімі қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттармен келесі қатысушылар марапатталды:

Нургазин Куаныш Рахметович - №1 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының математика пәні мұғалімі;

Қымбат Азатқызы - №2 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының география пәні мұғалімі;

Шакизада Жасұлан Шакизаменұлы - №3 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының математика пәні мұғалімі;

Мақсұт Нұрсара Мұқатайқызы - "Дарын мамандандырылған мектеп-интернатының математика пәні мұғалімі;

Садвокасов Шахкарим Аскарович - Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының тарих пәні мұғалімі;

Каримова Асылзат  Нуриддиновна - мамандандырылған музыка мектеп-интернатының ағылшын тілі пәні мұғалімі;

Әлмұқан Нұргүл Сейтжаппарқызы - «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернатының жаратылыстану, география пәндері мұғалімі;

 Каурова Альбина Илдаровна - «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

 

Байқаудың 2 кезеңінің жеңімпазы Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Жунусова Бақыт Құмарқызы.Ол 2019 жылы 6 желтоқсанда Қарағанды қаласының Достық үйінде өтетін байқаудың шешуші кезеңіне қатысады.