«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ» семинары
2019 жылдың 27 қараша күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы жалпы білім беретін мектептер мен мамандандырылған мектеп-интернат директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтары мен психологтары үшін «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс түрлері» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға Н.Е. Бектұров, теолог, дін істері басқармасы, Д.Б. Байбосынов, дінтану магистрі, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ және психология ғылымдарының кандидаты, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ доценті Д.А. Жансерикова қатысты. Барлығы 32 адам қамтылды