2019 жылы 25 қарашада Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» ҰКП Қарағанды облысының жалпы орта білім беру ұйымдарына «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін енгізу аясында баруын ұйымдастырды.
«Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің сарапшысы Ригель Инна Михайловна, «Атамекен» ҰКП «Кәсіпкерлік негіздері» жобасының сарапшы-методологы Успаева Арай Саматқызы, сонымен қатар Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы, Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Оспанова Қарлығаш Асановна және ҚО ББД ОӘО әдіскері Кирпан Ольга Николаевна Қарағанды қаласының № 93 ЖББОМ КММ, «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» ММ, «ЖББМБК» КММ, «Ростовка тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ оқушыларымен кездесу өткізді. Сарапшылар оқушылардың сабақтарына барып, осы пән бойынша сабақ қалай қызықты өтіп жатқанын көре алды. Содан кейін балалар оқулықтың мазмұны бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Сарапшылар сындарды тыңдап, оқулықтың мазмұны бойынша оқушылардың ұсыныстары мен тілектерін назарға алды.