«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасының ерекшеліктері» тақырыбында мастер-класс өтті.
2019 жылдың 26 қарашасында Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы базасында Қарағанды қаласының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері үшін «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасының ерекшеліктері» тақырыбында мастер-класс өтті. «Атамекен» ҰКП «Кәсіпкерлік негіздері» жобасының сарапшы-методологы Успаева Арай Саматовна оқушалардың бизнес-жоспарлармен жұмыс істеудің негізгі элементтерін түсіндіруге көмектесті, оқушылар гранттар ұтып, өздерінің бизнес идеяларын әрі қарай жүзеге асыра алатын жаңа платформалар көрсетті. Мұғалімдер сарапшылардан әр сабақта қолдануға болатын практикалық кеңестер алды.