Размер шрифта:
Орыс тілі мен әдебиеті облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы
28-11-2019 10:53
Орыс тілі мен әдебиеті облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы

2019 жылғы 28 қарашада Н.Нұрмақов атындағы мектептің базасында мамандандырылған мектеп-интернаттарының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

Жамбыл атындағы мамандырылған мектеп, «Мұрагер», «Дарын»,   БИЛ 1, Бил 2, ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі, мамандандырылған музыка мектеп-интернаты, Н.Нұрмақов атындағы мамандырылған мектеп интернатының мұғалімдері (Цемох С.М., Темірова А.А., Скоробогатова О.Н.) семинар қатысушылары үшін «Біз бәріміз кішкентай жазушымыз ...», әдеби квест – ойын, Redex «Оқу- деген керемет!», мастер-класстар ұйымдастырды.

         Критериалды бағалау жүйесінің артықшылықтары туралы диалог алаңы аясында «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жаңартылған білім беру мазмұнын педагогикалық шеберлік орталығының қызығушылық танытқан тренері А.Р. Рахимбекова оқушыларға арналған «Оқушыларды бағалауға тапсырма жазу алгоритмі» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарда Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушылары Хаирова Г. М. (ф.ғ.к., доценті) және Рахметова А. Т. (магистр, аға оқытушы) жоғары білім сатысында жаңартылған білім беру үшін орыс тілін оқыту ерекшеліктерімен бөлісті; семинарға қатысушылар орта және жоғары білімнің сабақтастығы, мұғалім мамандығының сұранысы жайлы пікір алмасты.