Размер шрифта:
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған студенттердің арасындағы үштілділік бойынша облыстық сайысы
06-12-2019 19:42
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған студенттердің арасындағы үштілділік бойынша облыстық сайысы

2019 жылдың 6 желтоқсанында Қарағанды технология және сервис колледжінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған студенттердің арасындағы үштілділік бойынша облыстық сайысы өтті.

Сайысқа облыс колледждерінен 26 студент қатысты.

Сайыс келесі үш турдан тұрды:

1 тур - "Абай - адамзаттың ұлы" қазақ тілінде Абай туралы айту;

2 тур - Абайдың шығармаларын орыс тілінде мәнерлеп оқу;

3 тур - "Абай. Өмірі мен шығармашылығы" ағылшын тіліндегі викторина.

Сайыстың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды. Жеңімпаздар дипломдармен, ал олардың жетекшілері жеңімпаз қатысушыларды дайындағандары үшін алхыс хаттармен марапатталды.

Үш турдың ұпайларының қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

• 1 орын - Мерекеқызы Дильназ, Шетел тілдер колледжі студенті, жетекшісі Царегородцева Екатерина Олеговна;

• 2 орын - Альмаганбетова Айжан Калкамановна, Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті, жетекшісі Тунгушбекова Алия Ашимхановна;

• 2 орын - Амзеева Пердегул Асилбековна, "Мирас" Теміртау көпсалалы колледжінің студенті, жетекшісі Щеглова Нина Степановна;

• 3 орын - Базылбаева Асель Мейрамовна, Ж.К.Букенов атындағы Қарағанды банк колледжінің студенті, жетекшісі Булекбаева Гульзия Камалиевна ;

• 3 орын - Темирханова Айгерим Аскаровна, Қарағанды гуманитардық колледжі студенті, жетекшісі Сулейменова Кулянда Адамбековна.

Номинациялар бойынша алғыс хаттар келесі қатысушыларға табысталды :

• "Шешендік өнер" номинациясы бойынша - Елемес Диас, Теміртау техникалық колледжі, жетекшісі Мендыбаева Дарига Хайредденовна;

• "Мәнерлеп оқу" номинациясы бойынша - Сыздық Нұргелды Нұрланұлы, Шет агротехникалық колледжі студенті, жетекшісі Сахиева Жанат Болатовна;

• "Абай шығармашылығының ағылшын тіліндегі білгірі" номинациясы бойынша - Нурбеков Мақсат Абдуллаұлы, Теміртау жоғары политехникалық колледжі студенті, жетекшісі Утегенова Фариза Темирхановна.

Сонымен қатар сайысқа белсенді қатысқандары үшін келесі қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды:

• Василец Надежда Павловна, ҚҚЭУ экономика, бизнес және құқық колледжі студенті, руководитель Бапахова Зылиха Шопенқызы;

• Көмекова Арайлым Медетқызы, Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледж студенті, жетекшісі Кулейменова Ляйля Махаевна;

• Каримов Даниил Викторович, Қарағанды машина жасау колледжі студенті, жетекшісі Стоякина Виктория Анатольевна;

• Лигай Олег Владиславович, Қарағанды коммерциялық колледжі студенті, жетекшісі Бернардова Татьяна Олеговна.