2019 жылдың 12 желтоқсанында Қарағанды қаласының №93 гимназия базасында Қарағанды облысының білім басқармасының бастамасымен «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалауды ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктері» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Семинардың бірінші бөлімінде: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА үш тілді білім беру орталығының директоры - А.К.Мухамеджанова; Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА аға ғылыми қызметкері - Ж.Есепбай; Қарағанды қ. ПШО жаттықтырушысы, Қарағанды қ. №103 мектеп-лицейінің мұғалімі - С.К.Кульжанбекова; п.ғ.к., кафедра меңгерушісі, «Өрлеу» БАҰО АҚФ - М.П.Кушнир; Қарағанды қ. №93 гимназияның мұғалімі - М.Н.Ефимик сөз сөйледі.
Семинарға онлайн режимде Қарағанды облысының 200-ден астам жалпы орта білім беру ұйымдары қатысты.
Семинардың екінші бөлімінде Қарағанды қ. ПШО жаттықтырушылары мастер-кластар өткізді. Мастер-класқа Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран қалаларының, Абай, Бұқар Жырау аудандарының 200 педагогы қатысты.