Семинар: «Бастауыш сынып оқушыларының оқу қабілетін дамыту»
19-05-2015 10:36
Семинар: «Бастауыш сынып оқушыларының оқу қабілетін дамыту»

Семинар: «Бастауыш сынып оқушыларының оқу қабілетін дамыту»

     2015 жылдың 19 мамырында  «Оқу шаттығы» әлеуметтік-педагогикалық жобасын жүзеге асыру щеңберінде тәжірибе алмасу мақсатында Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы мекенінің М.Горький атындағы мектеп-гимназиясының базасында бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Сыныптан тыс оқу – сабақ жалғасы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

     Семинар мақсаты – «Оқу шаттығы» жобасы шеңберінде оқушылардың оқырмандық құзіреттілігін арттырып және серіктес мектептер арасында тәжірибе алмасу.

    Семинар барысында қатысушыларға «М.Горький атындағы эксперименталдық мектеп-гимназия» КММ, Ақадыр кентіндегі Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицей серіктестерінің жобаны жүзеге асыруда ашық сабақтар, шеберлік-сабақтар, сыныптан тыс шаралар, интеллектуалдық ойын, әдебиеттік оқу, оқырмандар конференциясы, мәнерлеп оқу, сахналық қойылым, коучинг, отбасы байқаулары  бойынша тәжірибелері ұсынылды.

       Аталған семинарда Қазақстан Республикасының атаулы күндеріне қатысты «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Абай Құанабаевтың 170 жылдығы», «Ұлы Жеңістің 70жылдығы», «Қазақстан Республикасы халықтар ассамблеясының 20 жылдығы, іс-шаралары жан-жақты қамтылды.

    Семинарға қатысушылар семинарда серіктес мектептердің көрсеткен барлық шараларына қатысушылардың белсене ат салысқандарын атап өтті.