Размер шрифта:
Облыстық Эксперттік Кеңес отырысы
13-12-2019 17:22
Облыстық Эксперттік Кеңес отырысы

2019 жылдың 13 желтоқсанында облыстық Эксперттік Кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының материалдары қарастырылды. «Өнер қалашығы» атты инновациялық педагогикалық жобаны Шахтинск қаласының «Ботагөз» бөбекжайының директоры Иванова Т.А. мен Шахтинск қаласының Аубакир Исмаилов атындағы балалар көркемсурет мектебінің директоры Абдыгаликов Ш.К. қорғады. «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиешілері Нигматова С.К. және  Саменбаева О.П. «Бір шаңырақтың астында» атты полимәдениетті тәрбие бағдарламасын қорғады. Бағдарлама ересек топ пен мектепалды даярлық топтарының психикалық дамуы тежелген балаларына арналған.  Қарастырылған жұмыстарды Эксперттік Кеңес мүшелері  бекітуге ұсынды.