Размер шрифта:
«Білім берудің цифрлық ресурстары – заманауи мектептің инновациялық білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі» тақырыбында семинарлар ұйымдастырылып өтуде
19-12-2019 13:53
«Білім берудің цифрлық ресурстары – заманауи мектептің инновациялық білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі» тақырыбында семинарлар ұйымдастырылып өтуде

Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының тапсырмасы негізінде, «Bilim Media Group» компаниясының бастамасымен Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы базасында «BilimLab» ресурстық орталығы ашылды.

Осыған байланысты 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап ресурстық орталықта пән мұғалімдері үшін «Білім берудің цифрлық ресурстары – заманауи мектептің инновациялық білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі» тақырыбында білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ), сондай-ақ Bilim Media Group компаниясының электрондық білім беру ресурстарын пайдалану негізгі мақсаты бойынша тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылып өтуде.Осы желтоқсан айында барлығы 5 тренинг өтіп, 32 мұғалім тыңдады. Алдағы уақытта тренингтен өткен педагогтер өздерінің шеберлік сыныбы мен ашық сабақтарын ресурс орталығында өткізу мүмкіндігі бар.