Размер шрифта:
Семинар для школьных инспекторов
20-12-2019 11:06
Семинар для школьных инспекторов

2019 жылдың 20 желтоқсан күні мектеп инспекторларына арналған «Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс-шараны облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Білім басқармасы жергілікті полиция қызметімен бірлесіп ұйымдастырды.

Оған облыстың 70-тен астам мектеп және учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

Қатысушылар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, моббинг және буллинг, сондай-ақ Қарағанды облысында кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бойынша жобаны жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Семинар спикерлері қатарында ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары Гульмира Копбаева, полиция подполковнигі Қайрат Түркешев және Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің педагог-психологы Сәуле Серікова болды.