Размер шрифта:
"Графикалық дизайн" байқауы
25-12-2019 08:11
2019 жылдың 25 желтоқсанында "Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі" КММ базасында "Графикалық дизайн" байқауы өтті.Студенттер Adobe inDesign, Adobe Illustrator, Adobe Photoshop бағдарламаларында KazTour компаниясына арналған 3 постерден тұратын 8 бет брошюрасының дизайнын жасап шығарды. Барлығы 12 колледж қатысты.
Конкурсқа ұсынылған 12 жұмыстың 3-і дипломдармен марапатталды.  Байқау қорытындысы бойынша келесі қатысушылар жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:
1 орын - Сатенов Әділет ("Қазақмыс "корпорациясының политехникалық колледжі" ЖМ, жетекшісі - Шакирова Г. Б.)
2 орын – Подольская Анна ("Теміртау жоғары политехникалық колледжі" КМҚК, жетекшісі - Василенко Е. А.)
3 орын – Корощенко Сергей ("Абай көпсалалы колледжі" КМҚК, жетекшісі - Ширяева О. В.)