Информатика кабинетінің инженерлері мен зертханашыларының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында 2020 жылдың қаңтар айының 5-8 аралығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы базасында «Windows операциялық жүйесі және жергілікті желі негіздері» курсы өткізілді.
Аталған курста тыңдаушылар Windows операциялық жүйесін қайта орнатуды, драйверлер мен бағдарламалық жабдықтамаларды жүктеуді, сонымен қатар Интернет кабельдері мен компьютерлерді бір-біріне жергілікті желі арқылы қосуды зерттеді.
Курсқа Қарағанды облысының 17 мұғалімі қатысты. Курсты Оқу әдістемелік орталығы директорының орынбасары Аринов Есбол Рымбекұлы мен инновациялық оқыту түрлері және электронды білім беру бөлімінің методисті Шахан Еламан жүргізді.
Тыңдаушылар аталған курстың өзектілігі мен маңыздылығын, сонымен қатар берілген материалдың қол жетімділігін және практикалық тапсырмалардың берілген материалдарды бекітуге жақсы көмектескенін атап өтті.