Информатика пәні бойынша күнтізбелік – тақырыптық жоспарлау мазмұнының өзгеруіне және педагогтардың ғылыми-техникалық құзыреттілігін арттыруына байланысты Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы "ШАГ" компьютерлік Академиясымен бірлесе отырып, 2020 жылдың қаңтар айының 5-8 аралығында информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Python бағдарламалау негіздері» тақырыбында оқыту курсын өткізді.
Осы курста тыңдаушылар күнтізбелік – тақырыптық жоспарлауға сәйкес «Python» бағдарламалау тілінде жұмыс істеуді және күрделі деңгейдегі есептерді шешуді меңгерді.
"ШАГ" компьютерлік Академиясының тренерлерімен жүргізілген курсқа Қарағанды облысының 62 педагогы қатысты.
Тыңдаушылар осы курстың информатика пәні мұғалімдері үшін өзектілігі мен маңыздылығын, сонымен қатар әдістемелік көмектің уақытылы көрсетілгенін және берілген материалдың қолжетімділігін атап өтті. Сондай-ақ тыңдаушылар Python бағдарламасын тереңдетіп оқыту курстарын ұйымдастыруды ұсынды.