Теміртау қаласының мектеп тәлімгерлеріне арналған семинар
2020 жылдың 14 қаңтарында Теміртау қаласының жалпы орта білім беру ұйымдарының аға тәлімгерлеріне арналған «Менің өмірімнің Экомектебі» республикалық пилоттық жобасы аясында төмен көміртекті даму стратегиясын ілгерілету бойынша тақырыптық семинар өтті.
Семинар ұйымдастырушылары: БҰҰДБ, Қарағанды облысының білім басқармасы, «Оператор РОП» ЖШС, «Жас Ұлан» АҚҰ.
Спикер: Немцан Ирина, БҰҰДБ кеңесшісі, БҰҰ ҒЭҚ, «Қалалық ортаның төмен көміртекті даму стратегиясын дайындау және іске асыру негіздері» құралының авторы (Нұр-Сұлтан қ.).
Іс-шара Теміртау қаласының ««Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығы» МКҚК базасында өтті, семинарға 27 тәлімгер қатысты.