«Менің Экомектебім» жобасы жалғасуда
20-01-2020 16:00
«Менің Экомектебім» жобасы жалғасуда

Өткен жылдың желтоқсанында Теміртау қаласының барлық білім беру ұйымдарында «Менің Экомектебім» жобасы өз жұмысын бастады.

20 қаңтар күні Теміртау қаласының №14 мектеп-лицейіне экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің сарапшысы Татьяна Немцан және Нұр-Сұлтан қаласының ұстаздар қауымы арнайы келді.

Ақпараттық күн аясында жаратылыстану-математика бағытындағы ашық сабақтар өткізілді. №14 мектеп-лицейінің директоры Татьяна Александровна семинар қатысушыларын қарсы алып, жұмыс күнінің бағдарламасымен таныстырды. Мектеп ұстаздары экологиялық тақырыптарды оқу үрдісіне қосу тәжірибесімен бөлісті. №14 мен №16 мектептердің оқушылары мен ата-аналары экологиялық бағыттағы түрлі ойындар, тренингтер мен квесттерге қатысты.

Іс-шара барысында Теміртау қаласының ұстаздарына Нұр-Сұлтан қаласынан келген педагогтер – №77 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі А. Бекежанова, №62 мектеп-лицейінің биология және химия пәні ұстаздары Б. Хасенова и Ж. Айтжанова, сонымен қатар ата-аналар қоғамдастығының өкілі Мариам Касымова арнайы шеберлік сыныптар өткізді.