Размер шрифта:
«SmartNation» Мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың жаңа мүмкіндіктері аясында білім беру ұйымдарының тиімді жұмысы» тақырыбында семинар
21-01-2020 16:43
«SmartNation» Мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың жаңа мүмкіндіктері аясында білім беру ұйымдарының тиімді жұмысы» тақырыбында семинар

2020 жылы 21 қаңтарда сағат 11: 00-де "BilimLab" Ресурстық орталығында "Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы" КМҚК ғимаратында "InCraft" ЖШС қызметкерлері Каменев Әлішер мен Садыкова Меруерт білім беруде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында Қарағанды облысының аудандары мен қалаларында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға жауаптылар үшін ««SmartNation» Мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың жаңа мүмкіндіктері аясында білім беру ұйымдарының тиімді жұмысы» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар соңында Қарағанды облысы бойынша BMG әдіскері Султанова Актоты BilimKids порталы және BilimBook офлайн-шешімдері туралы қысқаша ақпарат берді.

Семинарға барлығы 20 адам қатысты.