Размер шрифта:
Бас сарапшылар мен құзырет орталықтарының өкілдерінің отырысы
21-01-2020 10:53
Бас сарапшылар мен құзырет орталықтарының өкілдерінің отырысы

2020 жылдың 21 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында  Worldskills аймақтық чемпионатының бас сарапшыларымен құзырет орталықтарының өкілдерінің отырысыөтті.

Отырысқа 33 бас сарапшы мен 12 құзырет орталығының өкілі қатысты.

Отырыста келесі сұрақтар талқыланды: құзыреттер бойынша қатысушылар саны; аймақтық чемпионаттың өтетін мерзімі; құзырет орталықтарының кестелер, жоспар мен сметалар құруы; бас сарапшылардың сайыс тапсырмаларын құрастыруы; әр құзырет бойынша сарапшы-компатриоттар отырыстарын өткізу;  құзырет орталығында қатысушылармен дайындық жұмыстарын өткізу; демо-емтихан өкізуге дайындық және басқа да сұрақтар.