«Ел Үміті» бастамасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қорымен «Кибер-ұлт» бағдарламасы жасалды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін «КИБЕР ЕЛ» автономды коммерциялық емес ұйымы «КИБЕР КІТАП» сандық оқулықтың аясында интерактивті бағдарламалау курсын жасады.
Осыған орай, 2020 жылдың қаңтар айының 22 күні «Дарын» ММИ базасында Қарағанды қаласының жалпы білім беретін мектептерінің информатика пәні мұғалімдері мен 6-8 сынып оқушыларына арналған мастер-класстар жиынтығы өтті.
Мастер-классты «КИБЕР СТРАНА» автономды коммерциялық емес ұйымыныңнегізін қалаушы және басқарма төрағасы Поволоцкий Роман Михайлович, арт-продюсер Азаров Андрей Андреевич, сондай-ақ «КИБЕР КІТАП»компаниясының бас директоры Айбасова Балжан Жақсылыққызы өткізді.
Мастер-классқа қатысушылар саны 60 информатика пәні мұғалімдері мен 80 оқушыны құрады.