Размер шрифта:
«ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУДІҢ ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ҚҰРУ» СЕМИНАР - ПРАКТИКУМЫ
05-02-2020 15:56
«ЕРЕКШЕ  БІЛІМ  БЕРУ  ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ  БАР  БАЛАЛАРДЫ  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  СҮЙЕМЕЛДЕУДІҢ  ЖЕКЕ  БАҒДАРЛАМАЛАРЫН  ҚҰРУ»  СЕМИНАР - ПРАКТИКУМЫ

2020  жылғы  5  ақпанында  Қарағанды  облысында  білім  беруді  дамытудың  оқу - әдістемелік  орталығы  Осакаров  ауданы  әкімдігінің  «Пионерское  селосының  №  3  орта  мектебі»  КММ -де  инклюзивті  білім  берудің  педагогикалық  тәжірибесін  жинақтау  және  тарату  үшін  аймақтық  семинар  өткізді. Семинар  жұмысына  облыстың  жалпы  білім  беретін  мектептері  базасындағы  стажерлік  алаңдардағы  директорлардың  орынбасарлары,  мамандары  мен  педагогтері  қатысты.Семинар  барысында  ерекше  білім  беру  қажеттілігі  бар  балаларды  психологиялық - педагогикалық  сүйемелдеудің  жеке  бағдарламаларын,  жеке  оқу  жоспарларын  құрастыру  бойынша  мәселелер  қарастырылды,  сондай - ақ  оқу  бағдарламаларын  қысқарту  бойынша  ұсыныстар  берілді.