Размер шрифта:
«Шаштараз өнері» бағытындағы колледж оқытушыларының оқу әдістемелік бірлестігінің отырысы
14-02-2020 16:51
«Шаштараз өнері» бағытындағы колледж оқытушыларының оқу әдістемелік бірлестігінің отырысы

2020 жылдың 14 ақпанында Теміртау кәсіби - техникалық колледжінде «Шаштараз өнері»бағытындағы колледж оқытушыларының оқу әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Іс-шараға қатысушылар «Дуалды жүйе» және «Тәжірибелік сабақта студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру» сияқты сұрақтарды талқылады.  Теміртау кәсіби - техникалық колледжінің оқытушысы А.Ж. Ешмаханбетова«Тойға арналған шаш үлгісі» тақырыбында мастер-класс өткізді. Сонымен қатар отырысқа Теміртау кәсіби - техникалық колледжінің  әлеуметтік серіктесі "Estel" компаниясының өкілдері Баранов Сергей Юрьевич және Приб Наталья Владимировна  белсене қатысты.