«ТАУ-КЕН ІСІ» БАҒЫТЫ БОЙЫНША КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ ОТЫРЫСЫ
18-02-2020 18:11
«ТАУ-КЕН ІСІ» БАҒЫТЫ БОЙЫНША КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ ОТЫРЫСЫ

2020жылдың 18 ақпанында Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде «Тау-кен ісі»бағыты бойынша колледж оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті. Іс-шараға қатысушылар колледждердегі демонстрациялық емтихандар бойынша өзекті мәселелерді және ТжКББ ұйымдарында академиялық еркіндікті енгізу механизмін қарастырды. Сонымен бірге ҚЖПТК құзыреттілік орталықтарына экскурсия жасалып, оқытушылар А. Горячев, В. Барыкин, Г. Садыкованың шеберлік-сағаттары көрсетілді.