2020 жылдың 24 ақпанында Қарағанды облысындабілім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Қолданбалы бакалавриатты енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Негізгі мақсаты – қолданбалы бакалавриатты енгізу бойынша тәжірибе алмасу, мәселелер мен оларды шешу жолдарын қарастыру.
Отырысқа «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК, «Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК, «Жезқазған политехникалық колледжі» КМҚК, «Қарағанды жоғары «Bolashaq» колледжі» ЖММ, «Қарағанды банк колледжі» ЖММ, «Теміртау жоғары медициналық колледжі» ЖММ және «Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі» ЖММ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында келесі баяндамалары тыңдалып, талқыланды:
- облыс колледждерінде қолданбалы бакалавриаттың оқу бағдарламаларын енгізу (Н.М. Утянова, ҚО ББД ОӘО әдіскері);
- Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде қолданбалы бакалавриат бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесі (А.З. Атантаева, оқу бөлімінің меңгерушісі);
- Теміртау жоғары политехникалық колледжінде орта білімнен кейінгі білім алушыларға аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу бойынша тәжірибе (А.А. Акжанова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары);
- Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжі тәжірибесінен қолданбалы бакалавриат бойынша критериалды бағалауды қолдану ерекшеліктері (Н.П.Шаповалова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары);
- Қарағанды жоғары «Bolashaq» колледжінің тәжірибесінен жұмыс берушілермен тәжірибеден өту бағдарламасы, қолданбалы бакалавриат біліктілігі бойынша силлабустарды әзірлеу туралы (Р.М. Ишанкулова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, С. К. Даулетбаева, директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары);
- Қарағанды гуманитарлық колледжінің тәжірибесінен «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы студенттерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру шарты ретінде тәжірибеге бағытталған оқыту (Л.Г. Шевченко, директордың өндірістік ісі жөніндегі орынбасары).
Талқыланған мәселелер қолданбалы бакалавриат деңгейіндегі мамандарды дайындайтын колледждердің барлық өкілдері үшін өзекті болды, себебі олардың мәселелері мен шешу жолдары әр оқу орны үшін ортақ.
Дөңгелек үстелге қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, осындай бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.