«Жастар. Білім. Мансап. Бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында оқытушылар арасындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция
2020 жылдың 27 ақпанында Қарағанды агротехникалық колледжінде «Сервис» бағыты бойынша ОӘБ жұмысы шеңберінде оқытушылар арасында «Жастар. Білім. Мансап. Бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында облыстықғылыми-тәжірибелік конференцияөтті.
Конференцияға облыс колледждерінің 29 оқытушысы мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Сонымен қатар, үздік жұмыстардың авторлары дипломдармен марапатталды.