Размер шрифта:
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жағдайында заманауи білім беру үдерісінің нәтижесі ретінде бәсекеге қабілетті маманды даярлау» тақырыбы бойынша оқытушылар арасындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция
28-02-2020 21:22
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен  кейінгі білім беру жағдайында заманауи білім беру үдерісінің нәтижесі  ретінде бәсекеге қабілетті маманды даярлау» тақырыбы бойынша оқытушылар арасындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция

2020 жылдың 28 ақпанында Қарағанды технология және сервис колледжінде шет тілі оқытушыларының әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жағдайында заманауи білім беру үдерісінің нәтижесі ретінде бәсекеге қабілетті маманды даярлау» тақырыбында оқытушылар арасында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға облыс колледждерінің 24 оқытушысы қатысты.

Конференция бағдарламасы аясында Қарағанды технология және сервис колледжінің оқытушыларының келесі ашық сабақтары өткізілді:

1.   0506000 «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша ағылшын тілінен аралас сабақ. Тақырыбы: "Women' s haircut". Оқытушылар: Ашимова Б.К. (ағылшын тілі), Пикалова Е.В. (өндірістік оқыту шебері)

2.   0506000 «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша кәсіби ағылшын тілі сабағы. Тақырыбы: «Determine the type of person using hairstyles». Ағылшын тілі мұғалімі Смагулова Т.А.

Ашық сабақтарды талқылағаннан кейін конференцияның негізгі бөлімі өткізілді, онда конференцияға қатысушылар «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жағдайында заманауи білім беру үдерісінің нәтижесі ретінде бәсекеге қабілетті маманды даярлау» тақырыбы бойыншабаяндамаларын оқыды.

Соңында конференцияның қорытындысы жасалып, шешімдер шығарылды. Конференцияның барлық қатысушыларына сертификаттар, сондай-ақ кейбір қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етілді.