2015 жылдың 20 мамырында Қарағанды облысы білім басқармасының «Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектеп-интернат» ҚММ базасында арнайы (түзету) мектеп-интернаттар директорларының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарларына арналған, даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың әлеуметтену мәселелері бойынша, «Тең болуға құқылымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры – Қожахметова Г.Ш., білім басқармасының бас маманы - Гавриленко Л.К., ББД ОӘО директорының орынбасары - Сулейменов Р.Х., ББД ОӘО әдіскері - Абишева Г.З., Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің директоры - Шихова В.Л., балалар мен жасөспірімдер сарайының, Таттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің, Қарағанды машина құрау колледжінің директорларының орынбасарлары, арнайы (түзету) мектеп-интернаттардың директорлардының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары, мектеп-интернат түлектерінің ата-аналары қатысты.
Даму мүмкіндіктері шектеулі білім алушылардың нәтижелі әлеуметтенуі үшін қолайлы әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау мақсатында, әлеуметтік серіктестік шеңберінде арнайы білім беру мазмұнын кеңейту мәселелері қарастырылды.