«ТАРИХ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»
2020 жылдың 9 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Тарих сабағын ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері» тақырыбында онлайн семинар өткізді.
Семинарда Қарағанды облысының тарих пәні мұғалімдері қауымдастығының төрағасы Балтабаев Кулжанбай Байдельдинович, Қарағанды қ., №9 гимназияның тарих пәні мұғалімі Ратникова Татьяна Александровна, Теміртау қ., №4 ЖББОМ тарих пәні мұғалімі Жакыпбекова Айжан Махамбетжановна сөз сөйледі. Тарих пәнінің 179 мұғалімі қамтылды.